Діни экстремизм мен терроризм идеяларының алдын алу – жас ұрпақтың қауіпсіздігі үшін » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизм мен терроризм идеяларының алдын алу – жас ұрпақтың қауіпсіздігі үшін
18
қыркүйек
2025

Діни экстремизм мен терроризм идеяларының алдын алу – жас ұрпақтың қауіпсіздігі үшін

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында діни экстремизм және терроризм идеяларына қызығушылық танытатын кәмелетке толмағандарды анықтау, алдын алу мақсатында 2025 жылдың 18 қыркүйегінде Діни экстремизм мен терроризм идеяларының алдын алу – жас ұрпақтың қауіпсіздігі үшін  Репродуктивті, психикалық денсаулық мәселелері, сондай-ақ (ертежүктілік, маскүнемдік, нашақорлық, лудомания, құмар ойындар және т.б.) балалардың арасында қорқыту мен кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша уәкілетті органдармен бірлесіп түрлі форматта мамандармен кездесу өткізілді.
🎯 Мақсаты:
Жастардың бойында рухани тұрақтылықты, елжандылықты, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамға жат діни ағымдардың теріс ықпалынан қорғау және оқушылардың саналы көзқарасын дамыту.
✅ Міндеті:
-Кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизм мен терроризм идеяларына қызығушылық танытатын жағдайларды дер кезінде анықтау;
-Алдын алу жұмыстары арқылы зиянды идеологиядан қорғау;
-«Адал азамат» тұжырымдамасына сәйкес патриоттық рухты, ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
-Оқушылардың бойына бірлік, ынтымақ, әділдік, жауапкершілік, заң мен тәртіпті құрметтеу сезімдерін сіңіру;
-Жастарды еңбекқорлыққа, кәсіби біліктілікке, жасампаздыққа жетелеу;
-Жыл бойы жоспарға сәйкес тәрбиелік іс-шараларды жүйелі өткізу.
Іс-шараға арнайы   мамандар қатысты :
1. М.Абдирахманов  – Шымкент қаласы 
ҚПД Тұран ауданы  АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны.
2. Бандығұлов Шерзод Шералиұлы – Тұран ауданы әкімшілігі қызметкері, статист маманы.
3. Шамуратов Алихан  Дильмұратұлы – Дін істері басқармасы Дін мәселесін зерттеу орталығының теолог маманы.
4. Әліпбай Тоғжан Айтбайқызы – Психикалық денсаулық орталығының психолог маманы.
📽️ Қорытынды:
2025–2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын тұрақты іс-шаралар жас ұрпақтың саналы, жауапты, патриоттық рухтағы тұлға болып қалыптасуына бағытталады.
Бұл жұмыстардың барлығы – балалардың қауіпсіздігі мен ел болашағын қорғаудың кепілі.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив