Балалардың денсаулығы – басты назарда! » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың денсаулығы – басты назарда!
17
қыркүйек
2025

Балалардың денсаулығы – басты назарда!

Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайтуға арналған ақпараттық бейнеролик көрсетілді.
 Мақсаты:
Ата-аналар мен оқушылардың денсаулықты қорғау, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы білімін арттыру, санитарлық-гигиеналық мәдениетті насихаттау.
✅ Міндеті:
Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау шаралары туралы түсінік беру;
Ата-аналарға ақпараттық бейнеролик көрсету арқылы алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
Балалардың дұрыс тамақтану, гигиена сақтау, аурудың алдын алу жолдары жайлы кеңестермен бөлісу;
Қоғамда микробқа қарсы төзімділікке (антибиотиктерге бақылаусыз қарау) жол бермеу туралы мағлұмат тарату.
📽️ Қорытындысы:
№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп мәжіліс залында ата-аналар жиналысы өткізіліп, бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар бейнеролик мектептің 1-ші қабаттағы фойесіне орнатылған LED-экран арқылы үздіксіз көрсетілуде.
⬆️ Ата-аналардың назарына әлеуметтік желілер арқылы да жарияланды.
Кез келген ата-ана немесе оқушы бейнематериалды көріп, қажетті ақпарат ала алады.
👨‍👩‍👧 Балалардың денсаулығы – ортақ жауапкершілік.
Біз бірлесіп қана болашақ ұрпағымызды дені сау, білімді, саналы етіп тәрбиелей аламыз!



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив