21
қазан
2025
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 "Қазығұрт " жалпы орта білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай 5 сынып оқушыларын республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында мектеп директоры Ширтаева Найла Рапихақызы құттықтау сөз сөйлеп, ұйымға өткен оқушыларға сәттілік тіледі.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімін, білімге және өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты, өз ісіне жауаптылық көзқарасын, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыру.
Аға тәлімгер: Сандыбаева Маржан



