«Білім бастауы – бастауышта» атты іс-шара » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім бастауы – бастауышта» атты іс-шара
17
қазан
2025

«Білім бастауы – бастауышта» атты іс-шара

"Ыбырай Алтынсарин-185жыл"
"Жылдың Үздік көшбасшысы"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып пәндерінің онкүндігі аясында «Білім бастауы – бастауышта» атты іс-шара өз жалғасын тапты.
🗓 2025 жылдың 17 қазанында бастауыш сынып мұғалімдері Г М.Кендирбаева мен 
Г.Ж.Дүйсенованың ұйымдастыруымен 3-сынып оқушыларына арналған "Ыбырай Алтынсарин" "Жылдың Үздік көшбасшысы" тақырыбында танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді.
🎯 Мақсаты:
1️⃣ Оқушыларды ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
2️⃣ Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін жатқа айту және түсіну қабілеттерін дамыту;
3️⃣ Дарынды оқушылармен жұмыс істеу, тыңдай білу және өз ойын еркін жеткізу мәдениетін қалыптастыру.
📖 Іс-шара презентация арқылы жүргізіліп, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды:
✨ «Ыбырай Алтынсариннің өлеңін оқу» (жеке орындау)
✨ «Кім тапқыр»  ойыны
✨ «Сұрақ-жауап» бөлімі
✨ «Баскетбол ойыны»- «әдісі арқылы ой қозғау
Мақалды жалғастыр-ойыны
🌼 Шара барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің даналығына үңіліп, ұлы ағартушы,ұстаздың шығармаларының терең мағынасы мен рухани құндылығын сезіне білді.
Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығы мен таным көкжиегі кеңейді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив