Ата-аналар жиналысы » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қараша
2025

Ата-аналар жиналысы

"БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ" 
№66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
🗓 05-06 қараша 2025 жыл
Жиналыс 1–11 сыныптар арасында екі ауысымда ұйымдастырылып, төмендегі маңызды мәселелер қаралды:
🔹 I тоқсан оқу жетістіктерінің қорытындысы;
🔹 Құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың жеке бас гигиенасын сақтау мәдениеті;
🔹 Оқушылардың мектеп формасын сақтауы мен тәртіп ережелерін орындау;
🔹 «DosbolLKE» және «2GIS» жүйелері арқылы оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары;
🔹 «E-ashana» жүйесі арқылы ыстық тамақтанудың цифрлық бақылау тетіктері мен Face ID жүйесін енгізу түсіндірілді.
Сонымен қатар, ата-аналарға балаларының мектеп өміріне белсенді қатысуының маңызы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары түсіндірілді.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы – баланың жарқын болашағының кепілі! 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив