17
қараша
2025
АТА-АНАМЕН ӘҢГІМЕ — БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2025 жылғы 24 қазандағы №21-1-21-4/7232-И хатына сәйкес,
ағымдағы жылдың 15–25 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған Республикалық онкүндік жоспары негізінде мектебімізде ата-аналармен кездесуі өткізілді.
Бұл кездесу — баланың құқығын қорғау, тәрбиедегі өзара серіктестік пен отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды шара болды.
«Бала құқығы — ортақ жауапкершілік»
• Ата-аналарға бала құқықтары жөніндегі ақпаратты түсіндіру, құқықтық мәдениетін арттыру;
• Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
• Балалардың қауіпсіз, қолайлы білім алу ортасын қалыптастыруда ата-ананың рөлін күшейту;
• Дүниежүзілік балалар күні аясында мектеп пен ата-ана арасындағы сенімді байланыс орнату.
Кездесу барысында ата-аналар мен мектеп өкілдері бала тәрбиесіндегі мәселелерді талқылап, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша ұсыныстар берді.
Әр ата-ана өз баласының жан-жақты дамуына, қауіпсіздігіне және бақытты балалық шағына үлес қосу — ортақ міндет екендігі атап өтілді.

