18
қараша
2025
СПОРТТАҒЫ ДОСТЫҚ – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ!
«ДосболLIKE: достық қолын ұстап!» республикалық акциясы аясында мектебімізде спорттық шара өтті. Бұл күн – тек жарыс емес, достық пен сыйластықтың мерекесі болды.
«Спорттағы достық – бірлік пен жеңіске жетелейтін күш»
• Оқушылар арасында достықты бекіту, бір-бірін қолдауға тәрбиелеу;
• Салауатты өмір салтын насихаттау;
• «ДосболLIKE» акциясы арқылы балалардың ынтымағын, ұйымшылдығын арттыру;
• Спортты тек жарыс ретінде емес, достықтың көпірі ретінде таныту.
Спорттық ойындарда оқушылар бір командадай жұмылып, ынтымақ пен достықтың шынайы үлгісін көрсетті. Әр бала жеңістің қуанышын да, сәтсіздіктің сабырын да бірге бөлісіп, бір-біріне тірек болудың маңызын түсінді.


