14
қаңтар
2026
“Спорт жанға дауа” тақырыбында спорттың волейбол түрінен жарыс өткізілді.
№66 “Қазығұрт” жалпы орта білім беретін мектебінің 2025-2026 оқу жылындағы қосымша білім беру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, “Спорт жанға дауа” тақырыбында спорттың волейбол түрінен жарыс өткізілді. Жеңімпаз командалар Алғыс хатпен марапатталды
Мақсаты:
Қатысушыларды салауатты өмір салтына баулу, спортпен жүйелі айналысуға ынталандыру және дене белсенділігі арқылы рухани әрі физикалық саулықты нығайту.
Міндеттері:
Спорттың адам денсаулығына тигізетін оң әсерін насихаттау;
Қатысушылардың дене дайындығын, ептілігін және шыдамдылығын арттыру;
Командалық рух пен өзара ынтымақтастықты қалыптастыру;
Жастардың спортқа деген қызығушылығын ояту;
Белсенді демалыс мәдениетін дамыту;
Жеңіске деген жігер мен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Сайыс нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар жүлделі орындарға ие болып, алғыс хаттар мен марапаттармен марапатталды.


