30
қаңтар
2026
Үйірме жұмыстары
№66 “Қазығұрт” жалпы орта білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылындағы “Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қосымша білім беру жұмыс жоспарына сәйкес спорттық, шығармашылық, қолөнер, техникалық және цифрлық технология бағытындағы үйірмелер тұрақты түрде өткізілуде.Үйірмелер оқушылардың қызығушылығын арттырып, бос уақытын тиімді пайдалануға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және заманауи цифрлық дағдыларды меңгеру барысында асық ату, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, хореографиялық ансамбль, эстрадалық вокал, ұлттық аспаптар,робототехника, кесте тігу, бисермен өру т.б. үйірмелерде қызу жұмыстар жүргізілуде.















