04
ақпан
2026
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітапханада 20 минуттық кітап оқу
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылдың 3 ақпан күні 9 «Ә» сынып оқушылары «Кітап оқитын мектеп» бағыты бойынша 20 минуттық кітап оқу шарасын өткізді.
Шара барысында оқушылар Биімбет Малинің “Шұғаның белгісі”хикаятын оқып, мазмұны бойынша өз ойларымен бөлісті. Бұл шығарма арқылы оқушылар адамгершілік, сағыныш, туған жерге деген сүйіспеншілік сияқты құндылықтардың маңызын түсінді.
20 минуттық кітап оқу – бұл оқушылардың оқу дағдысын дамытуға, сөздік қорын байытуға және оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған жүйелі оқу әдісі. Күн сайын кемінде 20 минут кітап оқу оқушының ойлау қабілетін, шығармашылық мүмкіндігін және оқу жылдамдығын арттырады.
Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қоры мен тіл байлығын молайту, сауатты оқу және түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, зейін, тұрақтылық, есте сақтау қабілеттерін нығайту, еркін ойлау мен байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.



