29
қаңтар
2026
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 « Қазығұрт » жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылдың 29 қаңтар күні «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған күні 6 «Е» сынып оқушыларымен қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақпаевтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған танымдық сабақ өткізілді.
Оқушылар жазушының балалық шағы, шығармашылық жолы туралы мәлімет алып, оның әдеби мұрасымен жақыннан танысты.
Сабақ барысында жазушының әйгілі туындысы «Менің атым Қожа» әңгімесінің жазылу тарихы, кейіпкерлер әлемі мен шығарманың тәрбиелік мәні талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, Қожаның мінез-құлқы мен өмірлік сабақтары туралы пікір алмасты.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты:
- оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- ұлттық әдебиетке сүйіспеншілік қалыптастыру;
- тұлғалық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Осындай рухани шаралар өскелең ұрпақтың кітаппен дос болып, ойы озық, саналы азамат болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

