05
наурыз
2026
«Қайырымдылық жасап жарысайық» акциясы.
Қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, ұстаздар қауымының бірлік пен адамгершілік қасиеттерін көрсету. Сонымен қатар, оқушылар мен қоғам арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаздар қауымы «Қайырымдылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Аталған игі шара аясында мектеп педагогтері өз еріктерімен бірігіп, әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 25 отбасыға азық-түлік себеттерін дайындап, табыстады.
Бұл акция – ұстаздардың тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамға үлгі боларлық қайырымды, жанашыр азаматтар екенін көрсететін жарқын мысал болды.
Игі іске атсалысқан ұстаздар әрбір отбасыға қолдау көрсетіп, мейірім мен жылулық сыйлады.
Қайырымдылық – адам жүрегіндегі ең асыл қасиеттердің бірі. Осындай игі бастамалар қоғамда мейірім мен бірліктің артуына ықпал етеді.
Мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен өткен бұл акция көптеген отбасыларға қуаныш сыйлап, жақсылықтың шынайы үлгісін көрсетті.
Ал жүректер біріксе, қоғамда мейірім көбейеді.


