18
наурыз
2026
«ҚЫЛМЫССЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»
Оқушылармен профилактикалық кездесу
Мектебімізде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында «Қылмыссыз балалық шақ» тақырыбында профилактикалық жиналыс өткізілді.
Жиын барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, оқушыларға бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жағымсыз ортадан аулақ болу, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және қиын жағдайға тап болған кезде үлкендерден көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпараттар алды.
🎯 Мақсаты: жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және әр баланың қауіпсіз әрі бақытты балалық шағын қамтамасыз ету.
«Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!»
«Қылмыссыз балалық шақ – жарқын болашақ кепілі!» 🇰🇿
#ҚылмыссызБалалықШақ
#БалаҚауіпсіздігі
#ҚұқықтықТәрбие
#Профилактика
#ҚауіпсізМектеп