18
наурыз
2026
ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 3-05-4/1706-И хатына сәйкес,
Шымкент қаласы білім басқармасының 06.03.2026 жылғы №10-08-07-/1779 бұйрығының негізінде
Наурызнама онкүндігінің жоспары бойынша
ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ
«Ұлттық киім – ұрпаққа аманат»
Оқушылар мен ұстаздардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін дәріптеу арқылы ұлттық рухты қалыптастыру.
– Ұлттық киімнің маңызын түсіндіру;
– Оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту;
– Ұлттық мұраға деген сүйіспеншілікті арттыру;
– Ұжым арасында бірлік пен патриоттық сезімді нығайту.
Бүгін мектебімізде ерекше күн – Ұлттық киім күні аталып өтті. Бұл күні ұстаздар мен оқушылар қазақтың әсем ұлттық киімдерін киіп, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғыртты. Әрбір камзол, әрбір ою – тарихтың үнсіз шежіресі іспетті.
Ұлттық нақыштағы киімдер арқылы біз тек сәнділікті емес, терең тәрбиені, ұлттық болмысты көрсете білдік. Бұл күн – рухани жаңғырудың жарқын көрінісі болды.
Ұлттық киім – тек өткеннің белгісі емес, ол – бүгінгі күннің де айнасы. Осындай шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар сіңіріліп, елін, жерін сүйетін саналы азамат тәрбиеленеді.



