01
қыркүйек
2025
"МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ !" алғашұы қоңырау
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА
"МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ !"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі 2025–2026 оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, «Мектебім – мейірім мекенім» атты салтанатты жиын өткізілді.
Бұл күн – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін қуаныш пен толқу сәті, ал ұстаздар мен ата-аналар үшін үміт пен сенімнің нышаны.
1.Тұран ауданы әкімінің аппарат басшысы Қалмырзаев Бақберді Әмзеұлы
2.Қалалық білім басқармасының әдістемелік орталығынан – Коздигарина Женис Сергеевна;
3.«AMANAT» партиясы Тұран аудандық филиалының Атқарушы хатшысы – Бертаев Есімхан Қалмаханович;
4.Қамқоршылық кеңестің төрағасы – Әдәуәлі Нұржан Боршұлы;
5.Ата-аналар комитетінің төрағасы – Даулбаев Баймахамбет Мамбетұлы;
6.Ардагер ұстаз – Бесбаева Шолпан Ақбөпекқызы;
Мектебіміздің директоры – Ширтаева Найла Рапихақызы 1 сынып оқушылары мен ата-аналарды арнайы құттықтады.
Жаңа оқу жылын салтанатты түрде ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларды мейіріммен қарсы алу, білімге деген құштарлықты арттыру.
-Жас ұрпақтың бойына ізгілік пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру;
-Білім ордасының тәрбиелік мәнін айшықтау;
-Шәкірттердің жаңа белестерге ұмтылысын қолдау.
Алғашқы қоңырау – арман мен үміттің бастамасы. Жаңа оқу жылында мектебіміздің шәкірттері биік жетістіктерге жетіп, еліміздің абыройын асқақтатады деп сенеміз!\









