Бүгін мектебімізде Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына көмек көрсету мақсатында игі іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық барысында көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, балаларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету және әрбір бүлдіршіннің мектепке алаңсыз, қуанышпен қадам басуына жағдай жасау.

«Мектепке жол» – жай ғана көмек емес, бұл – мейірім мен жанашырлықтың, адамгершілік пен қамқорлықтың жарқын көрінісі. Бір баланың қуанышы – баршаға ортақ қуаныш. Осындай игі бастамалар арқылы қоғамдағы өзара қолдау мен қайырымдылықтың маңызы арта түседі.

Осы ізгі шараның өтуіне қолдау білдіріп, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созған барша демеуші азаматтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Сіздердің жасаған әрбір жақсылықтарыңыз – бала жүрегіне қуаныш, отбасыға демеу, қоғамға үлгі!

Жақсылықтарыңыз еселеніп, әрбір игі істеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!

Жаңа оқу жылы әр бала үшін сәттілікке, қуанышқа және жарқын жетістіктерге толы болсын!

Білім жолындағы әр қадам нұрлы болғай!