"Ауған асуында от кешкендер" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N66 "Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, 5-10 сыныптар арасында "Ауған асуында от кешкендер" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу. Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.