21
қараша
2025
Дүниежүзілік балалар күні
Дүниежүзілік балалар күніне орай республикалық онкүндік аясында
"Бала — бақыт бастауы" атты іс шара ұйымдастырылды.
МАҚСАТЫ:
Бүкіләлемдік балаларды қорғау күні Республикалық онкүндік аясында мектеп бүлдіршіндеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлау, олардың құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру және үлкендердің қамқорлығын сезіндіру.
МІНДЕТТЕРІ:
Бүлдіршіндерге мейірім мен жылулық сыйлау;
Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі туралы түсінік қалыптастыру;
Мектептегі Бала өкілдігінің белсенділігін арттыру;
Оқушыларды қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Мектебіміздің Бала өкілдігінің президенті 10 «А» сынып оқушысы Сеилхан Ұлжалғас ең кішкентай бүлдіршіндерімізді арнайы құттықтап, жүрекжарды тілегін жолдады.
Балалар — әлемнің шуағы, отбасымыздың қуанышы, мектептің көркі.
Ұлжалғас өзінің жылы лебіздері арқылы кішкентайларға арманға жетелейтін үміт сыйлап, олардың бақытты балалық шағы — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз екенін атап өтті.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Балаға жасалған әрбір жақсы сөз — болашаққа салынған жарық жол.
Олардың қауіпсіз, бақытты, жарқын балалық шағы үшін атқарылар игі істер әрқашан жалғасын табады.
Балаларымыздың әр күні шаттыққа, әр қадамы сәттілікке толы болсын!

