18
наурыз
2026
АДАЛ АЗАМАТ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
«Адал азамат қалыптастырудағы үш тірек»
(«Адал Азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қалалық тәжірибелік семинар)
Жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сынды асыл қасиеттерді қалыптастыра отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету. Қоғамға пайдалы, саналы, парасатты азамат тәрбиелеудің тиімді жолдарын тәжірибе арқылы көрсету.
– «Адал Азамат» бағдарламасының мазмұнын тәжірибе жүзінде таныстыру;
– Тәрбие жұмысындағы үш негізгі тірек (отбасы, мектеп, қоғам) үйлесімділігін арттыру;
– Оқушылардың азаматтық ұстанымын, құқықтық сауаттылығын дамыту;
– Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау;
– Педагогтер арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
2026 жылғы 17 наурыз күні мектебімізде «Адал Азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Адал азамат қалыптастырудағы үш тірек» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар жоғары деңгейде өткізілді.
Семинар барысында бағдарламаның жылдық жоспарына сәйкес:
Әрбір өткізілген іс-шара – тәрбиенің терең мазмұнын ашып, «Адал азамат» моделін қалыптастыруға бағытталды.
Бұл семинар – тек тәжірибе алмасу емес, ұрпақ тәрбиесіне деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі болды. «Адал Азамат» бағдарламасы – болашаққа бағытталған үлкен қадам. Себебі адалдықты ту еткен ұрпақ қана елдің ертеңін нық, жарқын ете алады.
Мектебімізге " Адал Азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасының авторы
Шымкент қаласы бойынша "Педагогтардың кәсіби институтын дамыту " филалының бас директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы арнайы қонақ болды.
Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының "Тәрбие және тұлғаны дамыту" бөлімінің басшысы Баймұсаева Гүлім Ергешқызы арнайы жоспармен келді.
Және де білім басқармасына қарасты қаланың тәрбие орынбасарлары арнайы семинар қатысушылары болды
Мектеп басшысы Ширтаева Найла Рапихақызы барша қонақтарға мектебіміздің тәлім-тәрбиесін , үйірмелерін таныстырып, толықтай алғы сөз айтты.













