«СЕНІМДІ ДОС» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ » «Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№66 Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(701) 608-02-38
+7(7252) 50-10-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «СЕНІМДІ ДОС» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
09
қыркүйек
2026

«СЕНІМДІ ДОС» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

N66"Қазығұрт" жалпы орта білім беретін мектебінде  08.09.2026 ж күні педагог-психолог А.Абулова «Сенімді дос» бағдарламасы аясында мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге арналған психологиялық сабақ өткізілді.
🎯 Сабақтың мақсаты – білім беру ұйымы қызметкерлерінің оқушылардың эмоционалдық жағдайына назар аудару, қиын жағдайдағы балаға қолдау көрсету және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудағы өз рөлін түсінуіне ықпал ету.
Сабақ барысында қатысушылар: 🔹 оқушылардың эмоционалдық жай-күйіне назар аударудың маңыздылығы;
🔹 баланың мінез-құлқындағы алаңдататын белгілерді дер кезінде байқау;
🔹 қиын жағдайда дұрыс әрекет ету және тиісті мамандарға хабарлау;
🔹 оқушымен сенімді әрі қолдаушы қарым-қатынас орнату;
🔹 өз құзыреті мен жауапкершілік шекарасын сақтау мәселелері бойынша ақпарат алды.
🤝 Әрбір мектеп қызметкері – бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қосатын маңызды тұлға. Кейде баланы тыңдау, түсіну және дер кезінде қолдау көрсету үлкен маңызға ие.
💚 «Сенімді дос» – қауіпсіз орта, сенімді қарым-қатынас және балаға қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бағдарлама.  



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив