«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» – ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ ЖЕТКЕН ЖЫЛУ 🤍
Бүгін мектебімізде Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына көмек көрсету мақсатында игі іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық барысында көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, балаларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету және әрбір бүлдіршіннің мектепке алаңсыз, қуанышпен қадам басуына жағдай жасау. «Мектепке жол» – жай ғана көмек емес, бұл – мейірім мен жанашырлықтың,