«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында игі іс жалғасын табуда.
Осы ізгі бастамаға қолдау білдіріп, «Халық Банкі» мектеп табалдырығын алғаш атаған 1 сынып оқушыларына мектепке қажетті сөмкелер мен оқу құралдарын арнайы жинақтап, демеушілік көмек көрсетті.
Баланың мектепке қуанышпен қадам басуы – баршамызға ортақ қуаныш. Осындай жүрек жылуын сыйлаған, жас ұрпақтың білім алуына қолдау көрсеткен «Халық Банкі» АҚ-на шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жақсылық – жанға қуат, жүрекке шуақ! Әрбір жасалған игі іс – баланың жарқын болашағына салынған инвестиция.
Қайырымдылық жасап, қолдау көрсеткен азаматтар мен демеушілерге мың алғыс!
«Мектепке жол» – жүректен жүрекке жол тартқан ізгілік жолы!