31
наурыз
2026
Тоғызқұмалақ – ұлт мұрасы, ойдың шыңы!
Қосымша білім беру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, мектебімізде оқушылар арасында тоғызқұмалақтан мектепішілік жарыс ұйымдастырылды.
Бұл сайыс – жас ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамытуға, логикалық ойлауын жетілдіруге және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған маңызды шаралардың бірі. Жарыс барысында қатысушылар өзара тартысты ойын көрсетіп, шеберліктерін шыңдай білді.
Ұлттық ойын – ұрпаққа аманат. Тоғызқұмалақты бірге дәріптейік!

